Мамандандырылған ХҚКО ғимараты уақытша жабылады

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Петропавл қаласындағы мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы уақытша жабылады. Ондағы көрсетілетін қызметтерді тұрғындар Әуезов, 157 мекенжайындағы ғимараттан ала алады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

«Береке» шағынауданында орналасқан мамандандырылған ХҚКО-ның ғимаратында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Осылайша 2023 жылғы 15 мамырдан бастап, көлік желісі бойынша мемлекеттік қызметтер №1 ХҚКО бөлімінде көрсетіледі.

— Көлік құралдарын тіркеу бойынша қызметтер, жүргізуші куәліктерін ауыстыру, жүргізуші куәлігі емтиханының теориялық және практикалық бөлігіне өтініш беру, КО-ны заңдастыру Әуезов 157 мекенжайы бойынша №1 ХҚКО-ға (жеке кіру) қабылданады. Дайын құжаттарды беру және практикалық бөлігін тапсыру Арнайы ХҚКО ғимаратындағы автодромда мына мекенжай бойынша жүзеге асырылады: Нефтепроводная көшесі, 7 (ғимараттың оң жағынан кіру).
Көрсетілетін қызметті алушылардан Арнайы ХҚКО ғимаратын күрделі жөндеуге байланысты уақытша келтірілген қолайсыздықтар үшін түсіністік танытуларын сұраймыз.
Барлық сұрақтар бойынша мына телефон нөміріне хабарласуға болады: +77152 -55-10-21, – делінген ХҚКО баспасөз қызметінің мәлімдемесінде.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz