Сенат ТМД мемлекеттерінің авторлық құқық пен сабақтас құқықтар туралы келісімін мақұлдады

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН
11 мамырда сенат отырысында «ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің ақпараттық-телекоммуникациялық желілерде авторлық құқық пен сабақтас құқықтар объектілеріне құқықтарды сақтау және қорғау бойынша ынтымақтастығы туралы келісімді ратификациялау туралы» заң талқыланды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

Сенаторлар ҚР парламентінің мәжілісі қабылдаған «ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің ақпараттық-телекоммуникациялық желілерде авторлық құқық пен сабақтас құқықтар объектілеріне құқықтарды сақтау және қорғау бойынша ынтымақтастығы туралы келісімді ратификациялау туралы» ҚР заңын мақұлдады.

Аталған келісімнің мақсаты — цифрлық ортада авторлық құқықты және сабақтас құқықтарды қорғау саласындағы халықаралық нормативтік — құқықтық базаны дамыту, осы салада құқық бұзушылықтардың алдын алу және жетілдіру.

Қаралып отырған, «ТМД — ға қатысушы мемлекеттердің ақпараттық — телекоммуникациялық желілерде авторлық құқық пен сабақтас құқықтар объектілеріне құқықтарды сақтау және қорғау бойынша ынтымақтастығы туралы келісімді ратификациялау туралы» заң уақытылы және маңызды. Сонымен қатар ақпараттық — телекоммуникациялық желілерде, оның ішінде интернетте авторлық құқық объектілеріне және сабақтас құқықтарға құқықтардың бұзылуына жол бермеу жөнінде тетіктерді жүзеге асырумен қатар, құқықтық қатынастарды реттеуге бағытталған.

Атап айтқанда, цифрлық ортада зияткерлік меншік құқықтарын қорғау және сақтау саласында туындайтын мәселелерді шешудің бірыңғай тәсілдерін белгілеуге, барлық тараптарға бірдей үйлесімді жұмыс жүргізуге толық мүмкіндік береді.

— Алайда елімізде осы салада заңсыз жұмыс жасап келген интернет-ресурстар анықталған. Мысалы, 2020 жылы лицензиясыз бағдарламалық қамтамасыз ету мен басқа да объектілерді тарататын 24 шетелдік интернет-ресурс, ал 2021 жылы 40 интернет-ресурс анықталып, бұғаттау үшін ақпараттық жүйеге енгізілген. Бұл жағдайға салыстырмалы түрде қарасақ, осы уақыт аралығында шамамен екі есеге артқаны байқалады. Осы орайда, алдағы уақытта арнайы рұқсаты жоқ интернет — ресурстарына тосқауыл болу үшін тиісті мемлекеттік органдар жұмыла әрекет ету қажет деп есептеймін. Аталған келісім, осы салада қажетті ақпараттармен және ғылыми — зерттеу жұмыстарының нәтижелерімен алмасуға жол ашады, — деді сенатор Советбек Медебаев.

Сонымен қатар авторлық құқықтық және сабақтас құқықтарды қорғау саласындағы ынтымақтастықты одан әрі тереңдету, ТМД қатысушы мемлекеттер арасындағы сауда-экономикалық және мәдени қарым-қатынастардың ауқымын кеңейтуді көздейді.

«Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» Заңына сәйкес келісім ратификациялауға жатады. Осы келісімді ратификациялау теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға әкеп соқпайды және республикалық бюджеттен қосымша қаржы шығынын талап етпейді.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz