Көшбасшылық орталықтың көмегі зор

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінде «Көшбасшылық үшін педагогтарды даярлау мен дағдыларды дамытудың маңыздылығы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Шарада жоба үйлестірушісі Джованни Бетта «Erasmus+» бағдарламасы жайлы айтып, оның маңыздылығына тоқталды. Кассино және Оңтүстік Лацио университеті өкілінің айтуынша, бұл жоба кәсіби оқыту және жастармен жұмыс жасауға бағытталған. Бүгінде жергілікті жоғары оқу орнында бағдарламаны үйрету мақсатында арнайы орталық та жұмыс істеп келеді. Ол осыдан 3 жыл бұрын ашылған. Онда ұстаздарға, магистранттарға және жаттықтырушыларға семинарлар өткізіледі. Сонымен қатар шеберлік сағаттары ұйымдастырылады.

– Жастардың бойында көшбасшылық қабілеттерді қалыптастыру бағытында біздің университет «Erasmus+» бағдарламасы бойынша жұмыс істеп келеді. Негізгі мақсаты – студенттердің ғана емес, мұғалімдердің де білім берудегі көшбасшылық қабілеттерін дамыту, – дейді СҚУ-дің педагогика факультеті деканының орынбасары Айгүл Нұрпейісова.

«Erasmus+» бағдарламасы аясында Қозыбаев университетінің оқытушылары өзге елдерде де тәжірибе жинақтап жүр. Жуырда жоғары оқу орнының 8 педагогы шетелден білім алып келді.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz