Заңсыз алынған жер учаскесі қайтарылды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Солтүстік Қазақстан облысында ауыл шаруашылығы тауарын өндірушіден мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлі түрде тартып алынған жер учаскесі қайтарылды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Есіл ауданының әкімдігі Петровка ауылының тұрғындарын жеке ауланың ауыл шаруашылығы жануарларын жаю үшін жайылымдық жерлермен қамтамасыз ету мақсатында аграрийден ауданы 290 га жер учаскесін алып қою туралы қаулы шығарды. Мұндай шешім шығаруға 2022 жылдың соңында Петровка ауылының тұрғындары үшін жайылымдар мен шабындық алқаптардың жетіспеушілігі мәселесі қаралған, ауылдық округ тұрғындары жиынының хаттамасы негіз болды. Алайда «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңның нормаларына сәйкес, жер учаскелерін алып қою немесе жер учаскесін жалға алу мерзімдерін тоқтату туралы мәселелер жергілікті қоғамдастық жиындарына шешілмейді. Кәсіпкер өз құқығын қорғау үшін облыстық кәсіпкерлер палатасына жүгініп, олар ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаментімен бірлесе отыра сот органдарына талап арыз дайындау бойынша консультативтік көмек көрсетті.

Есіл ауданының әкімдігі облыстық мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешімі шыққанға дейін алдын ала әрекет етіп, жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығаруды бастау туралы қаулының күшін жойды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz