Жылу-электр орталығында жаңа мұржа салынып жатыр

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Петропавлда №2 жылу электр орталығы түтін мұржасының іргетасы қаланып жатыр. Негізгі бөлігі – темір қаңқасы жасалып бітуге жақын, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

«Севказэнерго» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, мердігерлік ұйым әр түрлі өлшемдегі 200 жақтауды орнатты, оған жоғарғы және төменгі арматура бекітілген.

Қазір мамандар болашақ газ жолдарын жабу жолында бағаналы іргетастарды нығайтумен айналысып жатыр.

Монтаждау жұмыстары аяқталған сәтте арматураның ұштары шығарылады, қалып орнатылады және бірінші «стакан» — мұржаның дөңгелек негізі орнатылады.

— Іргетастың негізін орнату үшін шамамен 156 тонна металл қажет болды. Бүкіл құрылым нөлдік белгі болып саналады – осыдан жаңа мұржа көтеріледі. Жақын арада іргетастың металл «қаңқасы» толығымен бетонмен бекітіледі, оны үздіксіз құю жоспарланған, — дейді баспасөз қызметіндегілер.

Мамандардың айтуынша, жобаға сәйкес, түтін мұржасы конус тәрізді болады, диаметрі — негізде 20,52 метр, шыңында 9,2 метр және 180 метрге көтеріледі.

Жұмысты Петропавл қаласының «Строй центр Арсенал» ЖШС мердігерлік ұйымы атқарып жатыр.

Ол айдың соңына дейін іргетасын толық дайындауы керек, ал маусым айының басынан бастап «Қазтеплоспецстрой» ЖШС жылжымалы қалыптарды монтаждауды және түтін мұржасын салуды бастайды.

Биыл темірбетон бөшкесін толығымен салу жоспарланған, ал N1 түтін мұржасы тек келесі жылдың жазында іске қосылады.

Петропавлдағы 2-інші жылу электр орталығында алдымен, жартылай құлап, кейін толық бұзылған түтін мұржасының орнына жаңасы салынады.

Нысанның іргетасының құрылысы сәуір айында басталды.

Естеріңізге салайық, былтыр 20 наурыз күні сағат 19.20-да Петропавлдағы жылу электр орталығында түтін мұржасы жартылай құлап, салдарынан 5-інші қазандық агрегатын тоқтатуға тура келген еді.

Үйінді астында қалған әйелдің денесі екінші күні ғана табылды.

Арнайы сараптамадан кейін түтін мұржасын толық бұзу жөнінде шешім қабылданды.

Кейін Петропавл әкімі №1 түтін мұржасының құрылысы басталатынын айтты.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz