Жер учаскесі кезегінде 19 мың қала тұрғыны тұр

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Петропавлда жеке тұрғын үй салу үшін жер учаскесіне кезекке тұрғандар саны күрт артты. Былтыр 10 сотық жерден үміттілердің саны жылдың басында 12 мыңға жуық болса, биыл бірден 7 мыңға артқан, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

Петропавл қалалық әкімдігінің мәліметінше, қазір 18 669 адам жеке тұрғын үй салу үшін жер учаскесінің кезегінде тұр. Бұрын бұл ақпарат әкімдіктің ресми сайтында қолжетімді болса, биылдан бастап кезектегі орныңды көру үшін электронды цифрлық қолтаңба қажет.

— Жеке тұрғын үй салуға қажет учаскелерді беру үшін «Солнечный-2» және «Южный» шағын аудандарында инженерлік инфрақұрылымы тартылып жатыр. Осы күні «Солнечный-2» кентінде 68,2 км су желісі және 102,5 электр желісі тартылды, 60 км жуық жол салынды.

«Южный» шағын ауданында 43,5 км су желісі тартылып, 34,3 км жол салынды. Қазіргі уақытта электр бағандары орнатылып жатыр. Бұл ауданда 32 км желі тартылып, 12 электр станциясы орнатылады. Жоба келер жылы аяқталады, — дейді Серік Мұхамедиев.

Жоспар бойынша «Солнечный-2» кентінде 2 мың, «Южный» шағын ауданында 1 мың учаске берілмек. Кезек өте баяу жылжығанымен тез өсіп келеді. Мәселен, соңғы екі жылда небәрі 175 адам ғана жер учаскесіне қол жеткізген, ал бір жылда кезек шамамен 7 мың адамға ұлғайған.

Жалпы Петропавлда құрылыс қарқын алған, негізінен «Жас өркен», «Орталық», «Береке» және «Копай» шағын аудандарында көпқабатты үйлер салынып жатыр. Жақында бюджеттік 6 үй пайдалануға беріледі.

 

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz