Облыста көктемгі егіс науқаны басталды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Солтүстік Қазақстан облысында көктемгі егіс науқаны басталды. Бүгінде диқандар биылға жоспарланған 4,5 млн га алқаптың 70 мың га дән сіңірді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

СҚО ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының мәліметінше, биыл егіс алқаптарында 100 % ылғал жабу жұмысы жүргізілді. Биыл шаруалар 4,5 млн га дәнді дақылдарды егуді жоспарлап отыр. Оның 3,2 млн га дәнді дақыл, 960 мың га майлы дақыл егілмек. Жемшөпке биыл 353 мың га алқап бөлінсе, 34,1 мың га картоп, 6,2 мың га көкөніс егіледі.

— Биылғы ерекшелік – қарақұмық алқабы 3 есе ұлғайтылып, аумағы 27 мың га жетті. Бұл импортты алмастыру мақсатында қолға алынды. Осылайша әлеуметтік маңызы бар өніммен өңірді толық қамтимыз. Алқаптарды әртараптандыру мақсатында жасымық 89,9 мың га, күнбағыс – 125,7 мың га егілмек. Бұл — былтырғыдан көп, — дейді облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының баспасөз хатшысы Әсем Айтулова.

Өңірде шаруашылықтар көктемгі егіс науқанын бастап, бүгінгі күні диқандар шамамен 70 мың га немесе бар алқаптың 1,3 % дән септі.

— Өңірде дәнді дақылдарды себудің оңтайлы мерзімдері бар. Шаруашылықтар соны негізге алады. Былтыр да осы уақытта көктемгі егіс науқаны басталды. Осы уақытқа дейін 40 мың га жерге дән егілді, 25,8 мың га — майлы дақылдар, 0,2 мың га – картоп және қалғанына жем-шөп себілді. Бұдан басқа 282,5 мың га 27,7 мың тонна минералды тыңайтқыштар енгізілді. 56,4 мың га алқапта егіс алдындағы дәрілеп, өңдеу жүргізілді, — дейді Әсем Айтулова.

Минералды тыңайтқышты 3 млн га алқапқа енгізу жоспарланған, бұл мақсатқа 200 мың тонна препарат алынбақ.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz