Ауылдық округтің әкімі сотталды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Есіл ауданы Спасовка ауылдық округінің әкіміне қатысты сот үкімі шықты. Қылмыстық іс бойынша тағы екі адам жазаға тартылды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Петропавл қалалық соты Есіл ауданы Спасовка ауылдық округінің әкімі Жолдаяқовты 130 мың теңге көлемінде пара алғаны үшін кінәлі деп таныды. Пара беруші де және оған көмек көрсетті және материалдық сыйақыны заңсыз алды деген айып тағылған округ әкімі аппаратының қызметкері Байманова да сотталды.

— Жолдаяқов «InvestComEnergy» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бас инженерінен қосымша келісімдер жасағанда, Спасовка мен Тауағаш ауылында көше жарығын орнату және ағымдағы жөндеу бойынша орындалған жұмыстарға ақы төлеуде көрсеткен көмегі үшін 130 мың теңге көлемінде пара алған.  Осылайша сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады, – делінген облыстық соттың  хабарламасында.

Өзінің тікелей міндетін орындаған аппарат қызметкері Байманова мердігер ұйым өкілінен екі шартқа қосымша келісімдер жасағаны үшін  50 мың теңге заңсыз сыйақы алған.

Прокурор барлығына 4 жылдан 2,5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. Бұл жазаны олар қылмыстық атқару жүйесінің орта қауіпсіздік мекемесінде өтеп, сондай-ақ  тиісті органдарда қызмет ету құқығынан өмір бойына айырылулары тиіс.

Айыпталушы Жолдаяқов кінәсін мойындамады және ақтауды сұрады, Байманова кінәсін ішінара ғана мойындап, ақтауды және ең аз санкция шегінде айыппұл тағайындауды сұрады, ал пара беруші Құрманғожин кінәсін мойындап, жазаны жеңілдетуді сұрады.

Сотталушылардың кінәсі куәгерлердің айғақтарымен және қылмыстық іс материалдарымен толық дәлелденді. Әкімнің балалары жас болуы қылмыстық жауапкершілігі мен жазасын жеңілдететін мән-жай деп танылды.

Сот үкімімен оған қылмыстық атқару жүйесінің ең төменгі қауіпсіздік мекемесінде 1 жыл 10 ай жазасын өтей отырып, мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыру түріндегі жаза тағайындалды. Жолдаяқов сот залында қамауға алынды.

Қалған екеуі – пара беруші Құрманғожинге 4 млн. 788 мың теңге, ал әкім аппаратының бұрынғы қызметкері Баймановаға 2 млн. 600 мың теңге көлемінде айыппұл салынды. Олар бұл соманы сот үкімі заңды күшіне енгеннен кейін бір ай ішінде төлеулері тиіс. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz