Петропавлда ұлтаралық алауыздықты қоздырған адам психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емделеді

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Петропавлда әлеуметтік желі арқылы ұлтаралық алауыздықты қоздырған ер кісінің ісі сотта қаралды. Мамандар оның есі дұрыс еместігін анықтады. Соттың үкімімен ол енді психиатриялық ауруханада ем қабылдайды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

Петропавл қалалық сотының мәліметінше, 4 тамызда Петропавл қалалық соты ұлтаралық алауыздықты қоздыру, азаматтардың ұлттық ар-ожданы мен қадiр-қасиетiн қорлау, сондай-ақ Қазақстан Республикасының тұтастығын бұзуға жария түрде шақыру бабы бойынша Л.-ға қатысты істі қарады.

Ер адам 2014 жылдан 2022 жылға дейінгі кезеңде ұялы телефон арқылы «Facebook» әлеуметтік желісінде қазақ, орыс ұлт өкілдерінің арасында алауыздықты қоздыруға бағытталған репосттар мен пікірлер жариялап отырған. Сондай-ақ ел тұтастығын бұзуға шақырған жазбалар жазған, осылайша желі қолданушылары арасында негатив тудырған. Кейін оның ауыратындығы, бұл жазбаларды жазған уақытта есi дұрыс емес күйде болғандығы анықталған.

Прокурор Л.-ды ҚР ҚК 174-бабының 1-бөлігі, 180-бабының 2-бөлігінде көрсетілгендей — қоғамдық қауіпті әрекеттерді есі дұрыс емес күйде жасағаны үшін қылмыстық жауаптылықтан босатып, жалпы үлгідегі психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеу түріндегі шараны қолдануды сұрады.

Психикалық күйіне байланысты, Л. сот отырысына қатысқан жоқ.

Сот Л.-дің заңмен тыйым салынған әрекеттерді есі дұрыс емес күйде жасағаны дәлелденді деп танып, жалпы үлгідегі психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеу түріндегі медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасын қолданды. Яғни қылмыстық жауаптылықтан босатты.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz