Петропавл сотының үкімімен қалалық полиция басқармасының ЖПҚ бөлімшесінің бастығы сотталды. Оған 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі облыстық департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, полицей сапаны растайтын тиісті құжаттары жоқ акцизделетін өнімді заңсыз өткізуді жүзеге асырғаны үшін жалпы сомасы 500 мың теңгеден астам пара алғаны үшін (ҚР ҚК 4-тармағының 366-бабы 3-бөлігі) кінәлі деп танылды. Осылайша, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті мың блокты темекі өнімін және 5 мың литр күмәнді шыққан алкоголь өнімін заңсыз өткізуді тоқтатты.
Сотталған «полиция майоры» арнаулы атағынан, сондай-ақ мемлекеттік қызметте, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, қаржы ұйымдарында және квазимемлекеттік секторда өмір бойы қызмет атқару құқығынан айырылды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.