Еркін өскен еліктер жайылымға жіберілді

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Қыста түрлі себептермен ботаникалық баққа әкелінген еліктер еркін жайылымға жіберілді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі Qyzyljartv.kz сайтына сілтеме жасап.

Ботаникалық бақтың директоры Артур Рязаповтың айтуынша, табиғатта өмір сүру дағдыларын жоғалтпаған еліктер еркін жайылымға жіберілді. Әзірге жануарлар тәлімбақтың қарамағындағы қорықта болады.

– Қазіргі таңда бізде кішкентайынан қолға үйретіліп, бөтелкемен тамақтандырылған еліктер де бар. Олар адамдарға үйренген, сондықтан оларды орманға жіберу өте қауіпті. Өйткені жануарлар адамдардың дауысын ести сала жүгіріп шығып, салдарынан зардап шегуі мүмкін, — дейді Артур Рязапов.

Еліктер Көкшетау мемлекеттік ұлттық табиғи саябақ аумағында орналасқан Сосновский орман шаруашылығына жеткізілді. Биыл Петропавл қаласы бойынша ғана адасып немесе жарақаттанып қалған еліктерді көрген тұрғындардан 32 шақырту түсті. Олардың көбі ұсталды. Біршамасы ботаникалық баққа әкелінді. Ботаникалық бақта бар жоғы 5 елік болды. Олардың 3-еуі арнайы қорыққа ауыстырылса, кішкентайынан қолға үйретілген қалған 2 елік бақта қала бермек.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz