Бір еліктің орнына төртеуін атқан

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Бір елікті ғана атуға лицензиясы бар облыс тұрғындары төртеуін атып алған, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

СҚО полицейлері «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы шеңберінде М.Жұмабаев ауданындағы Пулеметовка ауылының маңындағы орманда аңшылар бар екендігін анықтады. Мылтықтың дыбысын естіген тәртіп сақшылары жараланған елікті қуып жүрген алты ер адамды байқап қалған. Үшеуінің мылтығы бар, олардың тек біреуінің ғана бір жасқа дейінгі бір бас жануарды атуға рұқсат қағазы болған. Кейін аңшылыққа қатысқандардың бірінің қорасынан тағы атылған 3 елік табылды. Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 337-бабының 3-бөлігі бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Атылған 4 елік, 5 бірлік аңшы мылтығы тәркіленді.

– Қазіргі уақытта осы қылмысты жасады деген күдікпен ауданның 37 жастағы екі тұрғыны күзетпен қамауға алынды. Сондай-ақ 62 жастағы тағы бір ауыл тұрғынын жауапкершілікке тарту мәселесі шешіліп жатыр. Болған оқиғаның барлық мән-жайы тергеу барысында анықталмақ. Табиғатты қорғау заңнамасын сақтауға бағытталған рейдтік іс-шаралар күшейтілген түрде жүргізіліп жатыр – дейді СҚО ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Айдын Байматов.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz