35 жастағы қала тұрғыны Ғабит Мүсірепов пен Жамбыл көшелерінің қиылысында атыс патрондарына ұқсас заттар салынған пакет тауып алды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Бұл ақпаратты полицияға петропавлдық азамат хабарлаған. Оқиға орнына келген жедел тергеу тобы иір ойықты қаруға арналған 11 патрон салынған пакетті тәркіледі. Сараптама көрсеткендей, бұл оқ-дәрі 5,56х45 и 7,62х39 калибрлі атуға жарамды патрондар болып шықты. «Сайга», «Вепрь» және басқа да аңшылық карабиндеріне жарамды. Аталған факті ҚР ҚК-нің 287-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Қазір полицейлер патрондардың иесін анықтап жатыр.