Сотталғандар туыс-жақындарымен қауышты

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

СҚО бойынша ҚАЖД-ға қарасты №48 мекемесінде сотталғандардың туыстары мен жақын адамдары үшін ашық есік күні өткізілді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

№48 мекемеде 700-ден астам сотталған адам жазасын өтеп жатыр. Іс-шараға республиканың түкпір-түкпірінен түзету орнында жазасын өтеп жатқан 70 сотталғанның 150-ден астам туысы келді. Сондай-ақ қонақ ретінде қоғамдық-бақылау комиссиясының, Қазақстан халқы облыстық ассамблеясының және тәжік диаспорасының өкілдері шақырылып, шамамен 20 келі палау дайындалды.

Кездесу барысында сотталғандар жақындарына өз қолдарымен жасаған сыйлықтар мен гүл шоқтарын табыстады.

– Бүгін маған ағаларым мен әкем келді. Біз бір-бірімізді өте сирек көреміз, өйткені олар Түркістанда тұрады. Олардың маған жиі келуге мүмкіндігі жоқ. Бірақ бұл жолы маған кездесуге келгеніне өте қуаныштымын, – деді сотталғандардың бірі.

Балаларға арнайы ойын алаңы дайындалып, аниматорлар шақырылды, сонымен қатар естелік суретке түсу мүмкін болды. Басшылық атынан балаларға ойыншық түріндегі сыйлықтар табыс етілді.

– Осы іс-шараны ұйымдастырғаны үшін мекеме әкімшілігіне шын жүректен алғысымды білдіргім келеді. Біз үшін түрлі тағамдар дайындалды, ұлымызға ойыншықтар берілді, концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Ең бастысы, бүгін менің жұбайым ұлын алғаш рет көрді, қазір ол 7 айлық сәби. Шынымды айтсам, мен көз жасымды тыйа алмадым, – деп сотталғанның жұбайы эмоцияларымен бөлісті.

Іс-шара соңында сотталғандардың туыстары мекемеге келуге және туыстарымен уақыт өткізуге мүмкіндік бергені үшін қызметкерлер мен әкімшілікке шын жүректен алғыс айтты.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz