Қоғамдық көліктер «InfoBus» бағдарламасына қайта қосылады

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Енді жолаушылар автобус бағыттарының қайдан және қай жақта келе жатқанын біле алатын болады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі Петропавл қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Естеріңізде болса, осыдан бірнеше жыл бұрын Петропавлдағы автобус паркі жаңартылған еді. Қоғамдық көліктер «InfoBus» бағдарламасынан ажыратылған болатын. Биыл ескі жүйені қайта енгізу жоспарланып отыр. Қазіргі уақытта мамандар жолаушыларды тасымалдайтын техникаға «GPS» трекерлерді орнатып жатыр.

– «GPS» трекерлер орнатылғаннан кейін жолаушылар ұялы телефондар арқылы қоғамдық көліктердің жүру бағытын қарай алады. Сондай-ақ алдағы уақытта аялдамаларда қойылған электрондық таблолар іске қосылады, – дейді қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz