Облыс халқы маусымның 2-сі күні Сенат депутатын сайлайды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Солтүстік Қазақстан облысында Сенат депутатын сайлау 2 маусым өтеді. Өзін-өзі ұсынған 4 кандидат тіркелді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

СҚО-да Сенатқа қайта сайлау Гүлмира Кәрімованың мезгілсіз қайтыс болуына байланысты өтеді.

СҚО аумақтық сайлау комиссиясының мәліметінше, өңірден ҚР Парламент Сенатының депутаттығына 7 адам кандидатурасын ұсынды.

Оның бірі тиісті заңның талаптарына сәйкес келмегендіктен өтпей қалды. Біреуі сайлауға түсуден өз еркімен бас тартты.

Құжаттардың толық тізімін ұсынбаған тағы бір кандидат тіркеуден өте алмады.

Нәтижесінде екі ер адам және екі әйел тіркеуден өтті. Олар:

— Мелехов Сергей Владимирович, 1987 жылы туған, СҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы. Өзін-өзі ұсынушы.

— Касенова Рауза Ивановна, 1965 жылы туған, СҚО дін істері басқармасының басшысы. Өзін-өзі ұсынушы.

— Әсем Қалашбайқызы Рахметова, 1980 жылы туған, «AMANAT» партиясы«ҚБ СҚО филиалының төрағасы. Өзін-өзі ұсынушы.

— Анатолий Брониславович Рафальский, 1955 жылы туған, Қазақстанның Астық Консорциумы директорының орынбасары. Өзін-өзі ұсынушы.

Ал 21 мамыр жексенбі күні 5 ауданда, 7 ауылдық округте ауыл әкімдерінің сайлауы өтеді.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Жарасбай Сүлейменов

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілшілер:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

Әділет Бағланұлы, +77077387721 adilet.tolegen.00@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz