Тіл мәселесі өзегін жоймай келеді

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Петропавлда «Аmanat» партиясы облыстық филиалының жанынан құрылған «Miras» қоғамдық кеңесінің отырысы өтіп, бірқатар мәселелер талқыланды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Отырыста қатысушылар қаланың 3 мектебінде қазақ сыныптарын ашу жайын талқылап, облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Елена Гонтарьдың баяндамасын тыңдады. Ол өз сөзінде өңірдегі білім ошақтарында қазақ сыныптарын ашу бойынша атқарылған жұмыстарды  ортаға салды.

— Өңірімізде  465 мектепке дейінгі мекеме болса, соның 130-ы қазақ тіліндегі, 64-і аралас білім беру ұйымы. Облыс орталығындағы 52 балабақшаның 4-еуі бүлдіршіндерге мемлекеттік тілде тәлім берсе, 20-сы аралас. Келесі оқу жылынан бастап тағы 3 балабақшада қазақ топтары ашылмақ. 2025 жылы мемлекетті тілде оқытатын 420 балаға шақталған 2 балабақша салыну  жоспарлануда, — деген Елена Гонтарь облыстағы мектептердің де жайына тоқталды.

Басқарма басшысы орынбасарының сөзінше, өңірде ана тілімізде оқытатын мектептердің үлесі аз. Облыстағы білім ордаларының  24 пайызы ғана қазақ тілінде болса, 21 пайызы қос тілде оқытады. Биыл бірінші сыныпқа өтініш бергендердің 23 пайызы мемлекеттік тілде білім беретін мектептер мен сыныптарды таңдаған. Алдағы уақытта ІТ-лицей, «БЭСТ» гимназиясы мен бірінші гимназияға бірінші сыныпқа қабылданатындарға арнайы сынып ашылмақ. Аталған үш мектепке алғашқы 24 өтініш қабылданған екен.

Жиында мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту мақсатында өңір аудандарында атқарылған жұмыстар жайлы баяндамаларға ұласты. Мамлют, Жамбыл, Уәлиханов, Мағжан Жұмабаев аудандарының тілдерді дамытуға жауапты бөлімдерінің басшылары мен мамандары есеп берді. Биылғы жылы Мағжан Жұмабаев ауданында 131, Жамбыл ауданында 45, Мамлют ауданында 44, Уәлиханов ауданында 44 адам мемлекеттік тілді меңгеру үшін арнайы оқытудан өткен.  Аталған аудандарда іс-қағаздар жүргізуді қазақ тіліне көшіру, ана тілін насихаттауға арналған шаралар өткізу, мектептерде қазақ сыныптарын ашу, Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдық мерейтойын атап өту мақсатында атқарылған  жұмыстар жайлы айтылды.  Сөз сөйлегендер елдімекендердегі ономастика мәселесінде де жылжу барын жеткізді. Мәселен Мамлютка  қаласында мамыр айының соңында  атауы ескірген 6 көшенің атын  ауыстыру бойынша жиын өтеді.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz