Петропавлдықтар жол қозғалысы ережелерін бұзудың 64 фактісін анықтауға көмектесті

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Петропавлдықтар «102» қосымшасын пайдалана отырып, жол қозғалысы ережелерін бұзудың 64 фактісін анықтауға көмектесті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Полиция қызметтерін жақынырақ және қолжетімді ету мақсатында қазақстандықтар үшін «102» мобильді қосымшасы құрылған болатын. Құқық бұзушылықтың куәгері болған адамдарға полиция нарядының келуін күтудің қажеті жоқ. Факт расталған жағдайда, кінәлі тұлғаларды жауапкершілікке тарту үшін қосымша арқылы фото және бейнетіркеу жеткілікті дейді мамандар. Пайдаланушыға қабылданған шешім туралы хабарлау да қарастырылған.
Жыл басынан бері Петропавл тұрғындары «102» қосымшасын 73 рет пайдаланды. Қала тұрғындарының көпшілігін жол қозғалысы ережелерін бұзу фактілері алаңдатады, мұндай 64 хабарлама келіп түскен.

Мамыр айының басында екі қала тұрғыны Абай көшесіндегі көгалға «Volkswagen» және «Chevrolet» автокөліктерін қойған. Бірнеше күннен кейін екі «Ki»a көлігі Брусиловский көшесінің ауласынан шығуға тосқауыл болған. Мұндай жағдайлар адамдардың наразылығын тудырды. «102» қосымшасының арқасында құқық бұзушыларға қатысты әкімшілік хаттамалар жасалды. Қолданбаның басқа да құнды мүмкіндіктері бар, мысалы, «SOS» батырмасы. Бұл полицияға өзінің орналасқан жерін білмей-ақ, дабыл жіберуге мүмкіндік береді: геолокация кезекші бөлімге нарядты қажетті мекенжайға жіберуге мүмкіндік береді. Қосымша азаматтарға барынша ыңғайлы болу және халықтың полициямен қарым-қатынасын адамдарға ыңғайлы кез келген форматта жақсарту үшін әзірленген. Бағдарламаны Android үшін Google Play және iOS үшін AppStore сайттарынан жүктеуге болады.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz