Футболдан Қазақстан кубогының ширек финалының алғашқы кездесуінде «Ордабасы» клубы «Qyzyljar» командасынан басым түсті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Биыл ел біріншілігінде екі команда да турнир кестесінде алдыңғы орындарда келеді. Сол себепті жанкүйерлер бұл кездесуде тартысты ойын болатынынан үлкен үміт күтті. Кездесудің бірінші кезеңінде есеп ашылған жоқ. Екінші кезеңде «Ордабасы» сапынан Владислав Садовский 74-ші, Асхат Тағыберген 77-минутта мергендік танытты. Осылайша шымкенттік клуб қарсыласынан 2:0 есебімен жеңіске жетті.
Қарымта ойындар 7 маусымға белгіленген. Жартылай финал 28 маусым мен 8 шілдеде ойнатылады. Финал 4 қарашаға белгіленген.
Фото: ҚазАқпарат сайтынан алынған