Петропавлда бокстан өтіп жатқан VI республикалық спартакиадада Қазақстанның екі ең сұлу былғары қолғап шебері шаршы алаңда кездесті. Ширек финалда Балауса Мұздиман Ангелина Лукаспен күш сынасты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Спартакиада аясында өткен жекпе-жекте Балауса Мұздиманның мерейі үстем болды. Үш раундтың нәтижесі бойынша Ангелина Лукас 4:1 есебімен жеңіліс тапты.
Естеріңізге сала кетсек, сәуір айында Ангелина Лукас Ыстанбұлда өткен кәсіпқой бокс кешінде WBC чемпиондық атағын жеңіп алған болатын.
Бокстан VI республикалық спартакиаданың финалдық жекпе-жектері мамырдың 21-і күні өтеді.