Халықаралық музей күніне орай өңірдегі бірқатар мәдени нысандарда танымдық шаралар өтіп, қала тұрғындары көптеп жиналды. Облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Ғасырдан ғасырға» атты  шара ұйымдастырылып, өнерсүйер қауым сонда жиналды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Аталған акция аясында музей ғимаратында көне тас дәуірінен бастап, қола, ерте темір дәуіріне дейінгі уақытты қамтитын бірнеше тақырыпта экскурсиялар өтті. Өңірдің өткен ғасырдағы, Тәуелсіздік жылдарындағы тарихын қамтитын көрмелер де қойылды.

Осы күні «Өткеннің алыбы», «Мезолит туралы әңгімелер, «Ботай қонысының құпиялары», «Байқара алтыны», «Ақшалай эквиваленттегі тарих», «Сарбаз сауыты» сынды құнды мұралар келушілерге көрсетілді.

Ал арт-орталықта «Музей достарымен бірге» атты тақырыпта фотокөрме қойылым, деректі фильмдердің көрсетілімі, кәдесыйлар жәрмеңкесі және мерекелік шара өтті.

— Тарихқа қызыққан жұрт музейге түнде келіп, танымдық дүниелермен танысуға мүмкіндік алып отыр. Әр залда түрлі тақырыптағы экскурсиялар өтуде. Мәселен біздің залда көшпенді қазақ өмірінің көріністері көрсетілген.  Екі ғасырлық тарихы бар белбеулерге қызыққандар аз болмады.  Домбыра, қобыз, соғыс жабдықтары мен бүгінгі шеберлердің туындылары  қызылжарлықтардың көңілінен шықты, — дейді музей қызметкері Ғалия Амангелдіқызы.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz