Жамбыл ауданында жоғалып кеткен оқушы қыздың денесі табылды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Солтүстік Қазақстан облысында үйінен шығып кеткен 8-сынып оқушысының өлі денесі табылды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі Рolisia.kz-ке сілтеме жасап.

19 мамыр күні СҚО Жамбыл ауданының полиция бөліміне Жаңажол ауылының тұрғынынан 14 жастағы жиені таңертең үйден белгісіз бағытта кетіп қалғаны туралы телефон арқылы хабарлама түсті.

Полиция бөлімінің қызметкерлері құқық қорғау органдары мамандарынан, педагогтер мен жергілікті тұрғындардан құралған іздеу топтарын ұйымдастырды. Іздестіру іс-шаралары ауыл маңында автокөлікпен және атпен жүргізілді.

20 мамыр күні таңертең жоғалған 8-сынып оқушысының денесі Жаңажол ауылынан 1,5 шақырым жерде тоғаннан табылды», — делінген полиция хабарламасында.

Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

— Өлімнің нақты себебі сот-медициналық сараптама нәтижелері бойынша анықталады. Істің барлық мән-жайын толық, жан-жақты және объективті зерттеуге бағытталған тергеу әрекеттері жүріп жатыр. Олардың қорытындысымен түпкілікті іс жүргізу шешімі қабылданады, — делінген ақпаратта.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz