Петропавлда ит-мысықтарға арналған уақытша баспана салынады

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Облыста жануарларға жауапкершілікпен қарау заңын жүзеге асыру аясында биыл қаңғырған ит-мысықты аулауға, уақытша ұстауға, вакцина егуге және стерилизациялауға 53,4 млн. теңге бөлінді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

СҚО ветеринария басқармасының мәліметінше, халықтың әлеуметтік осал топтары үй жануарларын бюджет есебінен тегін сәйкестендіру рәсімінен өткізе алады. Өңірде 10 сәуірден бастап иесіз жануарларды стерилизациялау жұмыстары басталды.

Бүгінгі күні 43 ит, 3 мысық ауланып, чип салынды және стерилизацияланды. Олардың басым бөлігі жүрген жеріне, яғни көшеге қайтарылды.

Үй жануарларын есепке алатын «TANBA» ақпараттық сервисіне 704 үй жануары есепке қойылды, оның ішінде иесіз ит-мысық та бар. Сондай-ақ биыл Петропавл қаласының әкімдігі уақытша ұстау пунктін салу үшін жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуге 13 млн. теңге қаражат бөлді. Қазіргі уақытта облыста 3 жекеменшік панажай жұмыс істейді, оның екеуі Петропавлда орналасқан.

«Белый Бим» 400 итке, «Исаков Андрей» жекеменшік қайырымдылық қорының нысаны 300 мысық пен 500 итке, Қызылжар ауданы Вишневка ауылындағы «Шанс на жизнь» панажайы 500 итке арналған. Оның бәрі бүгінде толық.

 

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz