СҚО-да үй жануарларына тегін чип қою жұмыстары жалғасуда

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Облыста ветеринар мамандар 6878 үй жануарына чип қойды. Оның 4030 – ит, 2848-і – мысық, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

СҚО ветеринария басқармасының мәліметінше, сәуір айынан бері өңірде ит-мысықтарды идентификациялау жұмыстары жүргізіліп келеді. Бұл шара үй жануарларын арнайы базаға тіркеп, иелерінің жауапкершілігін арттыру мақсатында ұйымдастырылып жатыр.

– Биыл әлжуаз топтарға жатқызылған азаматтардың ит пен мысықтарын чиптеу тегін түрде жүргізіледі. Қазіргі уақытта жұмыс облыс орталығында ғана емес, өңірдің аудандарында да жүйелі түрде атқарылып жатыр. 7 мыңға жуық үй жануарының 2399-ы ауылдық жерде идентификацияланды. Оның 1890-ның иесі – әлеуметті аз қамтылған азаматтар, – дейді СҚО ветеринария басқармасының баспасөз қызметі.

Әл-жуаз топтарға жануар иелерінің ит-мысықтарын тегін идентификациялауға 12759 чип сатып алынды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz