Еліміздің жаңа картасы

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі еліміздің жаңа саяси-әкімшілік картасын таныстырды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Жоба ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа облыстар құру туралы Жарлығын іске асыру шеңберінде жүзеге асырылды. Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың 3 мамырында республикада Абай, Жетісу, Ұлы­тау облыстары құрылған болатын. Осылайша, Қазақстанның саяси-әкім­шілік картасы Алматы, Шығыс Қа­зақстан, Қарағанды облыстарының жаңа шекараларын, сондай-ақ жаңа­дан құрылған облыстардың қалай орналасқанын көрсетеді. Сонымен қа­тар ведомство Абай, Жетісу, Ұлытау, Алматы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының тақырыптық карталарын, сонымен бірге олардың облыс орталықтарының жоспар-схемаларын таныстырды.

Осылайша, министрлік масштабы 1:1 500 000 болатын еліміздің саяси-әкімшілік картасын, масштабы 1:1 000 000 болатын Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Алматы облыстарының карталарын жаңартты, ал Ұлытау, Абай, Жетісу облыстарының карталарын жасады. Сонымен қатар масштабы 1:25 000 болатын Қарағанды, Семей, Өскемен қалаларының жоспар-схемаларын, масштабы 1:10 000 болатын Жезқазған, Қонаев, Талдықорған қалаларының жос­пар-схемаларын әзір­ле­ді.

— Осыдан тура бір жыл бұрын ел Президентінің жаңа облыстарды құру туралы Жарлығы шықты. Бұл аталған өңірлердің экономикалық өсуіне серпін бергені сөзсіз. Карталарды әзірлеу – Президенттің осы шешімін іске асыру жолындағы кезекті бір қадам. Өндірілген картографиялық және геодезиялық материалдар мен деректер мемлекеттік басқаруда, елдің инфрақұрылымын дамытуда, мемлекеттің қорғанысы мен қа­уіпс­іздігін қамтамасыз етуде, нави­га­циялық қызметтер саласында және адам қызметінің басқа да салаларында шешімдер қабылдау кезінде аса маңызды әрі қажетті геокеңістік негізі болып саналады, — деді Цифрлық даму, инновация­лар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Әсет Тұрысов.

Жаңа карталар барлық мүдделі мем­лекеттік органға берілді. Соны­мен қатар карталарға жеке және заңды тұлға­лар да қол жеткізе алады. Ол үшін «Гео­де­зиялық және картографиялық қыз­мет субъектілеріне жос­парланып отыр­ған жұмыс учас­ке­лерінде жер­гі­лікті жер­лер­дің геодезиялық және кар­то­гра­фия­лық жа­ғы­нан зерде­лен­ген­дігі туралы тиісті мәлі­меттер беру» мемлекеттік қызметін таңдап, Ұлттық геодезия және кеңістіктік ақпарат орта­лы­ғына өтінім беру қажет. Бар­лық картаны визуалды түрде және таң­дау үшін nkgf.kz. сайтынан көруге бо­лады.

Айта кетейік, бүгінгі таңда мем­ле­кеттік органдардың сұрауы бойынша 49, жеке және заңды тұлғалардың өті­нім­дері бойынша 225 тақырыптық карта ұсынылған.

 

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz