Таулы Қарабақ ардагерлері жаңа ұйым құрды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

1988 жылдан бастап Әзірбайжанның Таулы Қарабақ аймағында орын алған шиеленіске елімізден бітімгерлік мақсатпен 2500-ден астам жас аттанған еді. Бүгінде сол жандарға ардагер мәртебесі беріліп, олар Таулы Қарабақ ардагерлері мен мүгедектерінің республикалық одағына бірікті. Бүгін ұйым басшылары мен мүшелері Ағынтай мен Қарасай батырларға арналған ескерткішке гүлшоқтарын қойды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

– 1988-1992 жылдары Армения мен Әзірбайжан арасындағы Таулы Қарабақ атты автономды облыс үшін дау туындағаны белгілі. Шекарадағы шиеленісті одан сайын ушықтырмас үшін оқиға орнына өзіміз сияқты жастарды аттандырды. Біздегі деректер бойынша қақтығысқа қатысқан солтүстікқазақтандықтардың саны жүзден асады. Алайда әлі ардагер мәртебесін ала алмай жүргендер де болуы мүмкін. Оларға ай сайын қаржылай көмек көрсетіледі. Одан бөлек шипажайларда демалу, салықтан босату сияқты жеңілдіктер қарастырылған, — дейді Таулы Қарабақ ардагерлері мен мүгедектері республикалық одағының төрағасы Ерғали Базарбаев.

Өңірдегі филиал тек ардагерлерді қолдаумен ғана айналысып қоймай, патриоттық сабақтар мен кездесулер өткізуге де мұрындық болмақ. Шара барысында ұйымның облыстағы филиалына Құрманғазы Ережепов төрағалық ететіні белгілі болды.

– Мен курсант болып жүрген жерімнен Таулы Қарабаққа аттандым. Сол жылдары түрлі әскери қақтығыстардың бірнешеуі болды ғой. Бүгінде солардан аман оралғандар ұйымдар құрып, бірігіп жатыр. Біз де филиал жұмысын патриоттық бағытта жүргізетін боламыз. Мектептер мен оқу орындарына барып, кездесулер мен сабақтар өткізуді жоспарлар отырмыз, — дейді Құрманғазы Ережепов.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz