СҚО әкімі саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған митингке қатысты

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Бүгін Саяси қуғын сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күнінде облыс әкімі Айдарбек Сапаров өңір тұрғындарымен бірге саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған ескерткішке гүл шоқтарын қойды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Бұл туралы өңір басшысы әлеуметтік желідегі жеке парақшасында жазды.

– Еліміздің қасіретті кезеңінде жазықсыз жапа шеккендерге тағзым ету – әр адамның парызы. Бүгінгі ұрпақтың басты мұраты – барлық құрбан болғандардың жеке тарихын зерттеп, әділеттілік орнату. Тоталитаризм мен ашаршылықтың жазықсыз құрбандары туралы естелікті сақтай отырып, мемлекетіміздің бірлігін одан әрі бекемдей аламыз, – деп жазды СҚО әкімі.

Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарына арналған ескеркіште жиналғандар жазықсыз жазаға кесілгендерді бір минуттық үнсіздікпен еске алып, Құран бағыштады.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz