Қаланың әр шағынауданында белсенділерден аға өкіл таңдалды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Петропавл қаласының әкімі Руслан Аңбаев облыс орталығының әр шағынауданында аға өкілді таңдау қажеттігін ұсынды. Оның сөзінше, белсенді тұрғын халықтың атынан сөйлеп, жергілікті атқарушы билікке негізгі мәселелерді жеткізбек, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Жақында қала әкімі Петропавлдың шағынаудандарын аралап, тұрғындармен кездесті. Руслан Аңбаев халықтың сұрақтарын тыңдап, шаһардың түйткілін мәселелерін бірлесе шешу қажеттігін алға тартты. Ол жергілікті билік пен халық арасында диалогты орнату үшін белсенді азаматтардың ішінен аға өкілді таңдау керектігін айтты.

– Ешкім өз ауданының мәселелерін оның тұрғындары сияқты жақсы білмейді. Сондықтан Ойқала шағынауданында аға өкілді таңдау қажет. Бұл бейресми лауазымға халық Ольга Попованы ұсынды. Қалалықтар оны жақсы біледі. Біз бұл азаматтың пікіріне құлақ түріп, петропавлдықтардың мәселелерін шешуге көмектесеміз деп шештік, – дейді қала әкімі.

Мұндай кездесулер «Береке» шағынауданы мен Жұмысшы кентінде де өтті. Нәтижесінде Жұмысшы кентінің аға өкілі болып Аязбай Кокушев, Берекеде Айман Ғалиев таңдалды.

– Жұмысшы кентінде жолға, абаттандыруға қатысты сұрақтар көп. Бұл мәселелерді шешу үшін жоспарымыз да бар. Халықпен бірлесе қаламызды көркейтеміз деп ойлаймын, – деді Руслан Аңбаев.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz