Құс фабрикасының басшылығы жауапкершілікке тартылды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Облыстағы құс фабрикаларының бірі монополияға қарсы заңнаманы бұзды. Салдарынан басшылығы әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Облыстық бәсекелестікті қорғау және дамыту департаментінің мәліметінше, құс фабрикасына қатысты тергеу жүргізілді. Нәтижесінде бағаны белгілеу және ұстап тұру бойынша келісілген іс-қимыл фактісі анықталды.

— Облыс аумағында тауық жұмыртқасын көтерме саудада сату бағасын белгілеу және қолдау бойынша құс фабрикаларының келісілген іс-әрекеттерінде көрсетілген бұзушылық белгілері бар екендігі туралы хабарламаны орындамау тергеу жүргізуге негіз болды. Қызылжар аудандық сотының шешімімен компанияға 2,9 млн. теңге көлемінде айыппұл салынып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ. Өткен жылдың мамыр айында дәл осы нарық субъектісі осындай құқық бұзушылық бойынша жауапқа тартылды, — делінген департаменттің мәлімдемесінде.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz