СҚО-да көктемгі аңшылық маусымы басталады

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Солтүстік Қазақстан облысында он күннен кейін көктемгі аң аулау маусымы басталады. Биыл ол 15 күнге ғана созылмақ, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Аңшыларға оқ-дәрісін сайлап, аң атуға қажетті рұқсатты ала беруге болады. СҚО бойынша орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы бөлімінің басшысы Олег Беспаловтың айтуынша, өңірде, жалпы елімізде 22 сәуір күні аң аулау маусымы ашылмақ. Ол 6 мамырға дейін жалғасады. Бұл аралықта құр мен үйректің аталығын атуға рұқсат берілмек.

— Облыста аң аулауға болатын 42 аңшылық шаруашылығы бар. Яғни, облыстың 96% аң аулауға болады. Биыл көктемде 2 мыңға жуық үйректі атуға рұқсат беріледі. Аңға шыққан адамның өзімен бірге қару ұстауға рұқсаты, аңшылық шаруашылықтың жолдамасы және аңшының куәлігі болуы керек, — дейді Олег Беспалов.

Құжаттардың бірі болмаған жағдайда аңшының іс-әрекеті браконерлік деп бағаланып, айыппұл салынады. Заңсыз аңшылық үшін 17 мың теңге айыппұл қарастырылған. Ал рұқсатсыз атылған әр үйрек үшін қосымша 25 мың теңгеге дейін өндіріліп алынады.

Мамандардың айтуынша, биылдан бастап аңшыларға қатысты талап өзгерген. Биылдан бастап аңшы болғысы келетін адамның жасы 21-де болуы тиіс. Бұрын 18 жастан асқандар тиісті рәсімнен өте беретін.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz