Жеті ауылдық округтің әкімі сайланды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Облыстың бес ауданындағы жеті ауылдық округте әкім сайлауы өтті. Саяси науқанға 5437 тұрғынның 4321-і қатысып, өз таңдауларын жасады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Облыстық сайлау комиссиясының мәліметінше, саяси науқан Аққайың, Ғабит Мүсірепов атындағы, Қызылжар, Уәлиханов және Шал ақын аудандарындағы ауылдық округтерде өтті. Ондағы тұратын 5437 сайлаушының 79,47 пайызы дауыс берді, ол 4321 адамды құрады.

Әкім қызметі үміткерлігіне 19 адам өз кандидатурасын ұсынып, 7-уі таңдалды. Олардың 4-уі «Amanat», 3-уі өзін-өзі ұсыну арқылы саяси науқанға қатысып жеңіске жетті.

— 7 ауылдық округтің әкімдері:
Аққайың ауданы, Власов ауылдық округіне — Максим Серіков;
Аққайың ауданы, Иванов ауылдық округіне – Лидия Челак;
Аққайың ауданы, Черкас ауылдық округіне – Лязат Макина;
Ғабит Мүсірепов атындағы аудан, Дружба ауылдық округіне – Айнагүл Базарбаева;
Қызылжар ауданы, Архангельск ауылдық округіне – Лилия Русина;
Уәлиханов ауданы, Қулыкөл ауылдық округіне – Бақытжан Кендірбаев;
Шал ақын ауданы, Городецкий ауылдық округіне – Ербол Әбжанов әкім қызметіне сайланды, – делінген облыстық сайлау комиссиясының мәлімдемесінде.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz