Петропавл қаласының мәдениет бөлімін Ержан Құлымбетов басқарады

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Петропавл қаласы әкімінің өкімімен Ержан Құлымбетов қалалық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі басшысының міндетін атқарушы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

Петропавл әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, 39 жастағы Ержан Мейрамбекұлы Құлымбетов Қызылорда қаласында дүниеге келген.

Ресейдің Мәскеу қаласындағы театр өнері университетін актерлік шеберлік мамандығы бойынша тәмамдаған.

2008-2010 жылдар аралығында Италияның Милан қаласындағы музыкалық театрда тәжірибе алмасқан.

Еңбек жолын 2005 жылы Байқоныр қаласындағы мәдениет сарайында аккомпаниатор болып бастады.

Түрлі жылдары Алматы қаласындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында вокал бойынша оқытушы, Астана қаласындағы оқушылар сарайында бас режиссер, Қазақ ұлттық өнер университетінде «актерлік шеберлік пен өнер» кафедрасының аға оқытушысы болып еңбектенген.

Сондай-ақ Қазақ ұлттық өнер университетінде тәрбие және жастар саясаты бөлімінің басшысы лауазымында қызмет етті.

2021 жылдан бүгінге дейін Астана қаласындағы Қазақ ұлттық университетіндегі «сазды-драма және қуыршақ театры» кафедрасының аға оқытушысы қызметінде жұмыс істеді.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz