Пайдаланылмай жатқан 330 мың га жер мемлекетке қайтарылады

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Солтүстік Қазақстан облысында биыл заңсыз берілген және пайдаланылмай жатқан 330 мың га жер мемлекет меншігіне қайтарылады. Осы мәселе бойынша бүгінге дейін 121 талап-арыз сотқа берілді, тағы 50-і дайындалып жатыр, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

СҚО-да «AMANAT» партиясы облыстық филиалы жанындағы «Жер аманаты» өңірлік комиссиясының кезекті отырысы өтіп, жер мәселесі талқыға түсті.

Облыстық жер ресурстарын басқару департаментінің басшысы Бақытжан Бекіштің айтуынша, биыл бос жатқан 330 мың га алқапты мемлекет меншігіне қайтару міндеті тұр. Соның 44,3 мың га — 3,4 мың га егістік және 38,5 мың га жайылымдық жер бүгінде қайтарылды.

— Президенттің тапсырмасын орындау мақсатында жыл басынан 18,4 мың га алқапта 16 тексеріс жүргізілді. Соның 17,4 мың га 11 заңбұзушылық анықталды. Бұл жайылымдық жерлерді малы жоқ шаруашылықтар ұстап отырған. Олқылықты жою үшін Мемлекеттік кірістер департаментіне жер салығы мөлшерлемесін 20 есе қолдану туралы 11 ұйғарым жіберілді. 621 мың теңгенің 8 айыппұлы салынды, — дейді Бақытжан Бекіш.

Биыл сотқа жер учаскелерін жалға алу келісімшарттарының күшін жою мақсатында 29 талап-арыз берілген. Жалпы аумағы 14,3 мың га алқапты берген кезде ҚР заңнамалары бұзылғаны анықталған.

— Заң бұзушылықтарды анықтау үшін «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ веб-порталының деректері пайдаланылады, осы порталдың 1 сәуірдегі дерегі бойынша 917,3 мың га жайылымдық жер пайдаланылмайды, оның ішінде 522 мың га алаңда мал басы жоқ, 395,3 мың га жүктеме 20% төмен. Осы мәліметтер жұмыста қолдану үшін аудандық жер қатынастары бөлімдеріне жіберілді», — дейді департамент басшысы.

СҚО ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының мәліметінше, қазіргі уақытта пайдаланылмаған жерлерді қайтару бойынша 27 адамнан құралған ведомствоаралық топ жұмыс істейді.

— Былтыр мемлекет меншігіне бос жатқан 304 мың га ауыл шаруашылығы жері қайтарылды. Оның 23,5 мың га егістік, 260 мың га жайылымдық жер. Бұл жердің 40,3 мың га елді мекендерге ауыл малын жаю үшін берілді. Тағы соншасы конкурспен шаруашылықтарға жалға берілді. Қалғанының жер-кадастрлық құжаттары әзірленіп жатыр.

Бос жерлерді қайтару бойынша сотқа жалпы ауданы 27,5 мың га 121 талап-арыз, оның ішінде ауыл шаруашылығы басқармасынан – 103, жер ресурстарын басқару департаментінен 18 талап арыздар берілді. Сот-шағым жұмысы жалғасады, тағы 50 талап арыз беру жоспарланған», — дейді СҚО Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы Мейрам Меңдібаев.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz