Петропавлдық полицейлер «Киберпол» қанатқақты жобасы бойынша жұмыс істейді

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Жыл басынан бері облыс аумағында интернет-алаяқтықтың 259 фактісі тіркелді. Бүгіндері бұл статистиканы төмендету мақсатында Петропавл қаласының полиция басқармасы базасында «Киберпол» қанатқақты жобасы іске қосылды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Тың жоба жайында өңірлік коммуникациялар қызметінде СҚО ПД криминалдық полиция басқармасы бастығының орынбасары Мадияр Харипов мәлім етті. Оның мақсаты – құқық қорғау органдарының екінші деңгейдегі банктермен және микроқаржы ұйымдарымен жедел өзара іс-қимылын нығайтып, жәбірленушілердің ақшалай қаражаты аударылған шоттарды бұғаттау және халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру.

– Соңғы кездері интернет-алаяқтықтың жаңа түрлері пайда болып жатыр. Бұрындары қылмыскерлер өздерін банк, полиция қызметкерлері етіп таныстырса, қазіргі уақытта алаяқтар әлеуметтік желіге жарнамаларды салып, тұрғындарды алдауға асық.  Алаяқтар әлеуметтік желі қолданушыларын күмәнді қаржылық жобаларға қатысуға шақырады. Көбіне брокерлік, трейдинг, ақшалай қаражатты жылжыту, танымал «ҚазМұнайГаз» компанияларының акцияларын сатып алу сынды ұсыныстарды тұрғындарға таратады. Салдарынан жәбірленушілер қылмыскерлердің жарнамасына сеніп, өз есепшоттарындағы қаражаттарын белгісіз адамдарға аударады. Бұл фактілерді тыю мақсатында жаңа жоба іске қосылды, – дейді СҚО ПД криминалдық полиция басқармасы бастығының орынбасары Мадияр Харипов.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz