20 мыңнан астам бала жазғы сауықтыру лагерлеріне тегін барады

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Биыл Солтүстік Қазақстан облысында 20 175 баланы жазғы сауықтыру лагерімен тегін қамту жоспарланған. Осы мақсатқа бюджеттен 92,5 млн теңге бөлінді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

СҚО білім басқармасының мәліметінше, бюджет есебінен сауықтыру лагеріне әлеуметтік қорғалмаған отбасылардан шыққан 10 816 бала, ерекше білім беру қажеттіліктері бар 771 бала, әртүрлі салаларда жетістікке жеткен 7074 оқушы, девиантты мінез-құлқы бар 1514 бала бармақ.

Бұдан басқа республикалық бюджеттен балалардың демалысын ұйымдастыруға 352 квота бөлінді. Соның ішінде бір күні 12 мың теңге тұратын «Балдәуренге» 282 жасөспірім, күні 13 600 теңге болатын «Бөбекке» 70 бала барады. Бұдан басқа Петропавлдағы «Солнечный» сауықтыру орталығында 750 бала денсаулығын түземек. Мұнда тәулігі 5500 теңге тұрады.

Жалпы СҚО аумағында 14 демалыс лагері бар, оның 11-і биыл жұмыс істемек.

Жазғы лагерьлерді мамандар 6 маусым күні қабылдап алмақ. Оған дейін нысандарда ағымдағы және күрделі жөндеу жүргізіледі. Биыл осы мақсатта 94 млн теңге жұмсалмақ. Ал жолдама 7 мемлекеттік лагерьде 35 000 теңге, «Серебрянный бор» және «Эдельвейс Бурабай» лагерінде 65 000 теңге, қалалық лагерьлерде 55 000 теңге болады.

Сауықтыру лагерлерінде жазғы маусымның ашылуы 10-17 маусым аралығына жоспарланған. Әрқайсысы 10 күнге созылатын 5 сауықтыру маусымы болады. Бүгінде балаларды барынша қамту үшін жолдамалар шаруашылық есебінен сатып алынып жатыр.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz