СҚО полицейлері жол ережесін бұзудың 3 мыңға жуық фактісін анықтады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Жыл басынан бері облыста балалардың қатысуымен 8 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Салдарынан кәмелетке толмаған бір бала қаза тауып, 8 адам түрлі дене жарақатын алды. Оқиғалардың екеуінде қос бала жаяу жүргінші болса, қалғандары – жолаушы.
«Назар аударыңыз, балалар!» жедел алдын алу іс-шарасы аясында полицейлер жүргізушілермен әңгімелесіп, жол ережесін қатаң сақтау қажеттігін еске салды. Сондай-ақ балаларға жолдағы қауіпсіздік ережелерін сақтау жайы түсіндірілді. Шара барысында тәртіп сақшылары автокөлік жүргізушілеріне «Көлікте бала» жапсырмаларын сыйлады.