СҚО полицейлері өрттен екі адамды құтқарды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

СҚО-да полицейлер өрттен зардап шеккендерді жедел түрде ауруханаға жеткізді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

 

Қыркүйек айының басында ППБ қызметінің инспекторлары Ратбек Кисамиденов пен Әсет Құсақаев сағат 00:01 шамасында Тайынша ауданы Краснокиевка ауылында жанып жатқан баспананы байқайды. Олар дереу оқиға орнына барып, қызыл жалынға оранған үйден екі адамды шығарып үлгерді.

Оқиға орнында болған медбике зардап шеккендерді аудан орталығына жедел жеткізу керектігін айтты. Олардың бірін Әсет Құсақаев патрульдік автокөлікпен алып кеткен. Ратбек Кисамиденов екінші азаматты тасымалдауға келіскен ауыл тұрғынын тауып алады. Ратбектің өзі өрт сөндірушілер келгенге дейін және өртті жойғанға дейін құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету үшін ауылда қалған.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz