Биыл 109 түлек «Алтын белгіден» үмітті

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Биыл облыста 3 345 бала мектеп бітіреді. Түлектердің 109-ы «Алтын белгіден» үмітті, тағы 200 оқушы 11 сыныпты үздік аттестатпен аяқтамақ, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

СҚО-дағы оқу жылының қорытындысы облыстық әкімдіктің аппарат кеңесінде айтылды.

Облыстық білім басқармасының басшысы Нәзір Жәшібековтың айтуынша, өңірде 465 мектеп болса, онда 74 573 оқушы білім алып жатыр. Биыл 6 707 оқушы 9-сыныпты бітіреді. Балалар қорытынды емтихандардан кейін мектепте оқуын жалғастыра алады. Ол үшін 15 тамызға дейін мектепке 10-сыныпқа түсу туралы өтініш беруі керек немесе аттестаттың орташа балы негізінде түсу емтиханынсыз колледждерге бара алады.

— Биыл 3 345 оқушы мектеп бітіреді. Қазір «Алтын белгіге» 109 үміткер бар, былтыр 138 болатын, ал үздік аттестаттан биыл 200 түлек үмітті. 2-19 маусым аралығында балалар мемлекеттік қорытынды емтихандарды тапсырғаннан кейін салтанатты іс-шаралар өтеді. 20-22 маусымда мектеп шешімі бойынша аттестаттарды тапсыру өтеді, — дейді басқарма басшысы.

Биыл 9-сынып түлектері 4 емтихан тапсырады: 3 міндетті және біреуі таңдау бойынша. Барлық емтихандар жазбаша түрде өткізіледі.

11-сынып түлектері 5 емтихан тапсырады, оның ішінде: 4 міндетті және біреуі таңдау бойынша. Бес емтиханның төртеуі – жазбаша, Қазақстан тарихы бойынша емтихан ауызша өтеді.

 

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz