СҚО әкімі: «Үш ауысымды мектептер мәселесі шешіледі»

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Айдарбек Сапаров 2025 жылға қарай өңірдегі үш ауысымды мектеп мәселесі оң шешімін табатынын айтты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

— Әлеуметтік салада білім беру және денсаулық сақтау басым бағыт болып қала береді. Біз қалалық және ауылдық мектептер арасындағы алшақтықты барынша қысқартуға, балаларымыздың лайықты білім алуы үшін жағдай жасауға міндеттіміз. Олар қазірдің өзінде жақсы нәтиже көрсетіп отыр. СҚО ПИРЛС халықаралық зерттеуінің қорытындысы бойынша елімізде екінші орында. ҰБТ нәтижесі бойынша біздің түлектер шекті деңгейді еңсергендер саны бойынша көшбасшылар үштігіне кірді, — деді Айдарбек Сапаров ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, биыл облыстық бюджеттен білім беру саласына 149,9 миллиард теңге бөлінген. Оның ішінде 49 білім беру нысанын күрделі жөндеуге 4,3 миллиард теңге, оқу орындарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға 2,8 миллиард теңге.

1 қыркүйектен бастап барлық мектептердің бастауыш сынып оқушылары тегін тамақпен қамтамасыз етіледі. Бұл мақсатқа 2,5 миллиард теңге бөлінді. Сондай-ақ, әкім балалардың қауіпсіздігі ерекше назарда екенін айтты. Жаңа оқу жылында мамандандырылған күзет пен турникеттерге 540 миллион теңге бағытталып отыр.

Облыс әкімінің айтуынша, 2025 жылға дейін СҚО-да 7 мектеп, оның ішінде 2 700 оқушыға арналған «Жайлы мектеп» жобасы аясында 4 мектеп салынады. Бұл үшауысымды оқытуды толығымен жоюға мүмкіндік береді. Биыл 1 020 оқушыға 3 мектеп тапсырылады.

— Соңғы 7 жылда алғаш рет Петропавлда жергілікті бюджет қаражаты есебінен 420 орындық 2 балабақша салынады. Бұл балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және біліммен қамтуды 95%-ға дейін жеткізуге мүмкіндік береді. Бұл мақсатқа 4 миллиард теңге қажет, — дейді облыс әкімі.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz