Түтін мұржасының іргетасы қаланды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Петропавлдағы № 2 жылу-электр орталығында жаңа түтін мұржасы салынуда. Іргетасын қалауға шамамен 2 мың текше метр бетон қоспасы пайдаланылды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Мамандардың айтуынша, іргетас – маңызды құрылым, оны үздіксіз әдіспен құю бүкіл нысанның беріктігін арттырады. Бұл тапсырманы орындау үшін 15 араластырғыш қондырғы пен бетон сорғысы қолданылды.

Құрылыс алаңында Петропавл қаласы мердігерлік ұйымының 19 маманы жұмыс істеді. Бетон құйылғаннан кейін гидрооқшаулау жұмыстары жүргізілмек. 28 күн бойы мамандар іргетастың дұрыс кебуін және беріктігін бақылайтын болады. Кейін маусым айында жылжымалы бетон қалыбы орнатылмақ. Содан соң, өскемендік «Қазтеплострой» серіктестігі түтін мұржасын сала бастайды. Мамандардың айтуына қарағанда, мұржа конус тәрізді болады. Диаметрі – 20,52 метр, шыңында 9,2 метр және 180 метрге көтеріледі. Ал №1 түтін мұржасы тек келесі жылдың жазында іске қосылады.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz