Қазақстанда 15 мыңнан астам шетел азаматы жұмыс істейді

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2023 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен Қазақстан аумағында 15 129 шетел азаматы еңбек ететінін мәлімдеді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

Шетел жұмыс күшін (ШЖК) тартуға рұқсаттардың арасында мынадай санаттар бар:

  • басшылар мен олардың орынбасарлары үшін 583 рұқсат (бірінші санат),
  • құрылымдық бөлімшелердің басшылары үшін 2 993 рұқсат (екінші санат).

Тартылған ШЖК негізгі бөлігі үшінші (мамандар) және төртінші (білікті жұмысшылар) санаттарға жатады – тиісінше олар 7 080 және 891 адам. Сонымен қатар маусымдық жұмыстарға 1 717 адам, ал корпоративтік ауыстыру аясында 1 865 адам тартылды.

Қазір Қазақстанда ШЖК пайдаланатын 1 746 жұмыс беруші бар. Оларда 411,5 мыңнан астам Қазақстан азаматы жұмыс істейді, бұл қызметкерлердің жалпы санының 96%-ы.

-Экономикалық қызмет түрлері бойынша ең көп жұмыс істейтіндер құрылыс саласында – 5 317 адам (35%), ауыл, орман және балық шаруашылығы – 1 572 адам (10%), тау – кен өнеркәсібі және карьерлерді қазу – 1 443 адам (10%), кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет – 979 адам (7% ), өңдеу өнеркәсібі – 960 адам (7%), — дейді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде.

Еңбек мигранттары келетін негізгі елдер: Қытай – 3 652 адам (24%), Өзбекстан – 1 843 адам (12%), Үндістан – 1 741 адам (12%), Түркия – 1 534 адам (10%).

Ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жыл сайын республикаға шетел мамандарын тартуға квота белгілейді және бөледі. 2023 жылы жалпы квота республикадағы жұмыс күшінің санына қатысты 0,24% немесе 22 260 бірлік мөлшерінде белгіленді.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz