Полигонға ірі габаритті қоқыстың 700 тоннасы шығарылды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Бір айдың ішінде Петропавл қаласының аулалары мен зираттарынан ірі габаритті қоқыс шығару жұмыстары жүргізіліп, полигонға 700 тоннасы шығарылды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Петропавл қалалық әкімдігінің хабарлауынша, соңғы кездері аулалардағы қоқыс алаңдары ірі габаритті тұрмыстық қалдықтармен толып қалды. Оның басты себебі – көпқабатты баспана тұрғындарының немқұрайдылығы мен пәтер иелері кооперативтері төрағаларының жұмысқа сылбырт қарауы.

– Облыс әкімі қаланы абаттандыру мәселелеріне ерекше көңіл бөлуде. Бұл ретте өңір басшысы үш айлық тазалық науқанын жариялады. Өкініштісі, қалалықтар қоқыс алаңдарындағы ірі габаритті қалдықтарды уақытында шығармауда. Бұл мәселені шешу мақсатында әкімдік мамандары коммуналдық қызмет өкілдеріне жауапкершілікпен қарауды міндеттеуде. Нәтижесінде полигонға 700 тонна қоқыс шығарылды, – дейді Петропавл қаласы әкімдігінің баспасөз хатшысы Эльмира Сәдуақасова.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz