Жүк тасымалдаушылардың жан айқайы

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Облыстың жүк тасымалдаушылары дабыл қағуда. Олар «нарықта беларустық компаниялар жұмыс істеуге мүмкіндік бермеуде» деп шағымданып жатыр.  Бұл туралы Астанада Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының «Өңір» депутаттық тобының «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы өкілдерімен кездесуі барысында белгілі болды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.  

Шара аясында арнайы панельдік сессиялар ұйымдастырылды. Оған өңірлік кәсіпкерлер палаталарының өкілдері, салалық комитеттердің төрағалары мен бизнес субъектілері бейнебайланыс режімі арқылы қатысты. Еліміздің түкпір-түкпірінен келген бизнесмендер  кәсіпкерлік қызметті қалыпты жүзеге асыруға кедергі келтіретін мәселелерді алға тартты. «Өңір» тобына облыстық кәсіпкерлер палатасы көлік және логистика салалық кеңесінің төрағасы Омари Харбедия  өз сауалын жолдады.

– Бұл  саладағы мәселелер былтыр туындай бастады. Еуропа елдерінің Ресейге салған санкциялары салдарынан беларусстық компаниялардың 75 пайызы халықаралық автотасымалдар нарығын иемденді. Отандық тасымалдаушыларды қорғаудың орнына, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің көлік комитеті еліміздің халықаралық автомобиль тасымалдаушылары одағымен бірлесіп, жүктерді қайта тіркеуге рұқсат беріп, беларусь компанияларына есік ашты, – деді Омари Харбедия.

Қазақстандық автотасымалдар нарығында әртүрлі деректер бойынша 8000-ға жуық көлік тіркелсе, Беларуссияда олардың саны 5 есе көп. Қазақстандық тасымалдаушылар автопарк саны бойынша ғана емес, оның сапасы жағынан да бәсекелестерінен ұтылып келеді.

– Мұның басты себебі Беларуссияда бұл саланы дамуына барлық жағдай жасалған.  Олар 1,5-тен 4 пайызға дейін лизинг алды, ал бізде лизинг бойынша пайыз 20 және одан жоғары болды. Сонымен қатар, Беларуссияда барлық халықаралық пункттер мен логистикалық кешендер бар. Жүк тасымалында мемлекет тарапынан қолдау көрсетіледі. Бізде болса, отандық нарыққа үкімет тарапынан ешбір қолдау механимздері қарастырылмаған. Біріншіден, бізді өткен жылға дейін жұмыс істеген қайта өңдеу ставкалары тұншықтырды. Екіншіден, көлік шығындарын ескерген жөн. Заңнамамыз либералды бағытта жұмыс істеуге негізделген. Беларустық автотасымалдаушылар біздің нарыққа ешқандай заңды кедергілерсіз кіре алады, – деді облыстық кәсіпкерлер палатасының көлік және логистика салалық кеңесінің төрағасы.

Ол бәсекелестерге қатысты ешқандай әрекет жасалмаса, онда отандық автотасымалдаудың шағын саласын жоғалту қаупі  төніп тұрғанын атап өтті. Өңірдің жүк тасымалдаушыларын алаңдатып отырған сауал  жан-жақты қарастырылатын болады.

 

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz