Самокат айдайтындарға арналған жаңа ережелер

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН
30 тамызда Қазақстанда «Жол жүрісі туралы» заңдағы электр самокат міну ережелерін қарастыратын түзетулер күшіне енді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

Қабылданған жаңа заңға сәйкес, электрлі самокат веложолда, веложолақтарда, 25 км/сағат жылдамдықпен жүріс бөлігінің оң жақ шетінде, оның ішінде маршруттық көліктерге арналған жолақ бойымен бір қатарда қозғала алады. Ал тротуар мен жол жиегінде, жаяу жүргіншілер жолында 6 км/сағаттан аспайтын жылдамдықпен жүруі керек.

Сонымен қатар электрлі самокат көлікке арналған жолмен жүруге тек 18 жастан бастап рұқсат етіледі және жүргізуші куәлігінің кез келген санаты болуы керек.

Мопед, электрлі самокат және велосипед жүргізушілері жолда жүргенде ғана бекітілген шлемді киюі керек.

Кикшеринг компаниялары жаяу жүргіншілер мен саябақтардың белгілі бір жерлерінде электрлі самокат жылдамдығын шектейтін болады. Орнатылған GPS-сенсордың арқасында мұндай аймақтарға кіру кезінде жылдамдықты шектеу автоматты түрде қосылады.

Самокат айдайтындарға салынатын айыппұлдар

Қазір оларды жолаушылар мен жүктерді тасымалдау (ӘҚБтК-нің 593-бабы, 5 АЕК көлемінде айыппұл салу), сондай-ақ жол жүрісіне қатысушыларға қойылатын өзге де талаптарды бұзғаны үшін (ӘҚБтК-нің 620-бабы, ескерту немесе 3 АЕК көлемінде айыппұл салу) жауапкершілікке тартуға болады.

Енді ережелерде «электрлі көліктер» және «шағын электр көлік» терминдерін нақты белгіленеді.

Мопед, электр cамокат және велосипед жүргізушілеріне:

  • кем дегенде бір қолыңызбен рөлді ұстамай жүргізуге;
  • жолаушыларды тасымалдауға арналған арнайы құрылғылары бар велосипедтермен және мопедтер болмаса, жолаушыларды тасымалдауға;
  • жүктерді тасымалдауға арналған арнайы құрылғылары бар велосипедтермен және мопедтермен болмаса жүкті, сондай-ақ ұзындығы немесе ені бойынша габариттерден 50 сантиметрден асатын жүкті немесе басқаруға кедергі келтіретін жүкті тасымалдауға тыйым салынады;
  • велосипедті немесе электр самокатты айдаған кезде сіз жүрген жерде велосипед жолы бар жермен жүру керек.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz