Облыстағы «Булаево» шекаралық бақылау бөлімшесінің қызметкерлері шекараны заңсыз кесіп өту әрекетін анықталды. Заңды бұзған шетелдік азамат пойыздың вагонында ұсталды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Бұл ақпаратпен ҚР ҰҚК баспасөз қызметі бөлісті.
– Мемлекеттік шекараны бұзушы жүк пойызындағы вагонның жоғары бөлігінде қызметкерлер шекаралық бақылау жүргізу барысында анықталды. Ұсталған адам ҚР ӘҚБтК 514-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – делінген ҚР ҰҚК баспасөз қызметінің мәлімдемесінде.