ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің жер ресурстарын басқару комитетінің басшысы Мұрат Теміржанов Біріккен ұлттар ұйымына қарасты субөңірлік еуразиялық топырақ серіктестігінің төрағасы болып сайланды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.
Мұрат Теміржановтың кандидатурасы Ташкентте БҰҰ-ның 6-шы пленарлық отырысы кезінде ұсынылып, қатысушылар оны бірауыздан қолдады.
EАSP – Еуразиялық кеңістіктің 12 елінің өкілдерін біріктіреді, олар Қазақстан, Түркия, Ресей, Армения, Әзірбайжан, Беларусь, Грузия, Молдова, Қырғызстан, Түрікменстан, Тәжікстан және Өзбекстан. Ұйымның негізгі міндеті жер ресурстары, оның ішінде топырақты ұтымды пайдалану және олардың деградациясына қарсы күрес саласындағы өңірдің ерекше мәселелерін шешу болып табылады.