Премьер-министр астықты айдың соңына дейін жинап алуды тапсырды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН
ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен үкімет отырысында егін жинау науқанына қатысты мәселелер қаралды. Премьер-министр егін жинау науқанының барысы үкіметтің тұрақты бақылауында екенін айтты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

— Өздеріңіз білетіндей, биыл еліміздің егіншілері үшін қолайсыз болды. Жаздың 2 айындағы аптап ыстықтың соңы күзгі жауын-шашынға ұласты. Бұл әрине, астықтың түсімін азайтып, жұмыс қарқынын едәуір бәсеңдетіп жіберді. Дегенмен егін жинау науқанын қаржылай және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету үшін барлық қажет шара қабылданды. Астықты өңірлерде осы айдың соңына дейін қатты жаңбыр жауады деген болжам жоқ. Сондықтан осы мерзімде барынша үлгеріп қалу керек, — деді Әлихан Смайылов.

Ол еліміздің солтүстік өңірлеріндегі ауа-райының қолайсыздығына байланысты мемлекет басшысы үкіметке астық өндіретін фермерлер мен шаруа қожалықтарына қажет көмек көрсетуді тапсырғанын еске салды.

  • Энергетика министрлігі астықты кептіру үшін қосымша көлемде дизель отынын бөледі. «Бәйтерек» холдингі несиелер бойынша қарыздарды қайта құрылымдап, қолайсыз ауа-райынан зардап шеккен фермерлер үшін айыппұл санкцияларын салмай, Азық-түлік корпорациясының желісі арқылы тауарлық несие мерзімдерін ұзартып отыр. Ауа-райының қолайсыздығы форс-мажорлық жағдай ретінде танылуы тиіс. Субсидияларды толық көлемде төлеу керек, — деп атап өтті Премьер-министр.
Сонымен қатар премьер-министр астық таситын вагондармен уақытылы қамтамасыз етіп, теміржолдағы ұзын-сонар кезекті болдырмауды талап етті.

— Біздің міндетіміз – егінді сапалы жинап алуды қамтамасыз ету, — деп түйіндеді ол сөзін.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz