399
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайип Ердоғанды Түркияда өткен президент сайлауының екінші кезеңіндегі жарқын жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.
— Елдерімізді тарихи достық және ынтымақтастық байланыстар біріктіреді. Осы жан-жақты ынтымақтастық стратегиясы одан әрі дами береді», – деп жазылған Президенттің Twitter-дегі құттықтауында.
Тоқаевтың айтуынша, елдерімізді тарихи достық пен ынтымақтастық байланыстары біріктіреді. Бұл жан-жақты ынтымақтастық стратегиясы одан әрі дамытылатын болады.
Түркия ОСК басшысы Ахмет Йенер президенттік сайлаудың екінші турында Режеп Тайып Ердоғанның жеңіске жеткенін хабарлады.