Мемлекет басшысы «ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің ақпараттық-телекоммуникациялық желілерде авторлық құқық пен сабақтас құқықтар объектілеріне құқықтарды сақтау және қорғау бойынша ынтымақтастығы туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды, деп жазды Ақорданың ресми сайты.
Авторлық құқықтық және сабақтас құқықтарды қорғау саласындағы ынтымақтастықты одан әрі тереңдету ТМД қатысушы мемлекеттер арасындағы сауда-экономикалық және мәдени қарым-қатынастардың ауқымын кеңейтуді көздейді.