Мемлекеттік қызметшілер спартакиадасының қорытындысы жарияланды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Петропавлда үш күн бойы өткен мемлекеттік қызметшілер спартакиадасының жабылу салтанаты өтті. Шарада үздік танылған командалар анықталды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Жарысқа бір мыңнан астам мемлекеттік қызметші қатысты. Олар спорттың 6 түрінен сынға түсіп, өз араларында мықтыны анықтады. Жүлдегерлер бөлінген санаттар бойынша белгілі болды. Осылайша өңір әкімдіктері арасында Есіл ауданына – бірінші, Ақжар ауданына – екінші, Шал ақын ауданына — үшінші орын бұйырды.

Облыстық атқарушы органдар мен орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің арасында жеңіске СҚО бойынша мемлекеттік кірістер департаменті қол жеткізсе, күмісті Есіл облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы және СҚО әкімдігі табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының құрама командасы иеленді. Үздік үштікті сот әкімшілігінің СҚО бойынша департаменті түйіндеді.

Құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдар ішінде де үздіктер анықталды. Нәтижесінде бірінші орын СҚО ТЖД мамандарына бұйырса, екінші сатыға СҚО ПД жайғасты. Үшінші орын СҚО қылмыстық–атқару жүйесінің департаменті қызметкерлерінің еншісінде.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz